spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
24.2 C
Kokshetau

Жаңа туған сәбиге құтқарушының есімі берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ерейментауда жаңа туған сәбиге ата-анасы ауданның төтенше жағдайлар бөлімі бастығының есімін қойды.

Еске сала кетсек, 10 қаңтарда Ерейментау ауданы ТЖБ бастығы Амангелді Доскенов қақаған қатты аязға қарамастан, боранды күні жолға шыққан бір отбасының отанасы мен ұлын тауып алып, құтқарған болатын. Ол кезде әйел жүктіліктің соңғы апталарында жүрген екен.

22 қаңтарда Амангелді Доскеновке ол құтқарған отбасының жақындары қоңырау шалып, нәрестелерін перзентханадан шығарып алу рәсіміне шақырған.

Отбасы мүшелері қуаныштарымен бөлісіп келген құтқарушыға ризашылықтарын білдіріп, оның құрметіне балаға Амангелді деген есім берілгенін айтады.

Дүниеге аман-сау келген нәресте отбасындағы жетінші бала. Сәбидің ата-анасы айтқандай, «жеті» саны қазақтар үшін ерекше әрі  қасиетті сан.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика