spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі

Сондай-ақ...оқыңыз

Инклюзивті білім берудің жағдайын зерделеу мақсатында облыстық мәслихаттың әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссиясының төраймы Айнагүл Балташева және «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Әбілмәжінова ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және оңалтумен айналысатын Көкшетаудың бірқатар мемлекеттік мекемелеріне және үкіметтік емес ұйымдарына барды.

«Ерекше өмір» қоғамдық қоры денсаулығының дамуында ерекшеліктері бар балалардың  ата-аналарын біріктіреді. Орталық денсаулығында әр түрлі бұзушылықтары бар балаларды оқытумен және әлеуметтендірумен айналысады. Балаларға ойын түрлерін, бассейнде жүзуді үйреткенде мамандар гимнастикалық және спорттық жабдықтарды пайдаланады. Орталық ақылы.

№4 орта мектепте аутизм спектрі бұзылған және басқа да диагноздары бар балаларды инклюзивті оқыту бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Оқу орнының директоры Мәдина Хасенова инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің жұмысы туралы жан-жақты айтып берді. Мұнда тәжірибелі педагог-психологтар мен дефектологтар жұмыс істейді. Олардың басты міндеті – балаларды мектеп қабырғасында оқуға бейімдеу, яғни уақыт өте келе олар әдеттегі сыныптарда басқа оқушылармен қатар оқи алатын дәрежеге жетуі тиіс. Сонымен қатар, ол депутаттан психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар жұмысының сапасына назар аударуды сұрады.

№14 орта мектептің инклюзивті білім беру кабинеттері екі ай бұрын жөнделген ғимаратта ашылды. Кабинеттер балаларды оқыту мен оңалтудың заманауи көрнекі және интерактивті құралдарымен жабдықталған. Психологтар мен дефектологтар ерекше балалармен жұмыс жасауда қандай қиындықтарға тап болатындары туралы айтты. Мектеп директоры Жанар Жүсіпбекова мердігер компанияның кінәсінен аяқталмаған жөндеу жұмыстарымен байланысты мәселелермен де бөлісті.

Сондай-ақ, А.Балташева мен Г. Әбілмәжінова Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің балалардың уақытша болу орталығына барды. Мекеменің қызметіне байланысты біраз сұрақтар туындады.

Мамандар айтқан барлық мәселелер мен ұсыныстар бейінді басқармалардың басшылары мен басқа да мүдделі тараптарды шақыра отырып, тұрақты комиссияның отырысында зерделеніп, қаралатын болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img