spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

Көкшетаудағы Ж.Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжі Ы.Алтынсарин академиясымен ынтымақтастық келісімге қол қойды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудағы Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі мен Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының байланысы нығая түсуде.

Жуырда өткен кәсіби дидарласу алаңының қос тарап өзара ынтымақтастық келісімге қол қойып, алдағы жұмыс жоспарын талқылады. Академия қызметкерлері колледждің техникалық базасымен, оқытушы құрамымен танысып, тәжірибе алмасты.

Бүгінгі таңда колледжде 7 мамандық бойынша 2 мыңға жуық студент білім алуда. Алдағы уақытта академия мен колледж тығыз байланыста жұмыс істемекші.

Кездесуде Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин ынтымақтастықтың сүбелі мәселелердің шешімін табуға көмектесетіндігін атап өтті. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Президенті Мәдина Тыныбаева сапалы білімді қамтамасыз етудің маңыздылығына баса тоқталды, ал,  Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахат студенттер мен оқытушылар арасындағы тандемнің өзектілігін тілге тиек етті.

«Ыбырай Алтынсарин академиясымен толық жоғары деңгейде жұмыс жүргіземіз деп мақсат қойып отырмыз. Жалпы педогогикалық колледждер педагог мамандарды даярлаудағы үлкен білім беру бағдарламаларын әзірлеуде. Бірнеше ұсыныстар беріліп отыр. Әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулықтар жасауда. Болашақта жоғары деңгейде мазмұнды жұмыс жасауда ұсыныстар беріліп отыр» – деп атап өтті колледж басшысының орынбасары Данагүл Ілияс.

Білім министрлігінің тапсырмасы аясында Ыбырый Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы алдағы уақытта да бірқатар педагогикалық колледждермен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоймақшы. Академияның президенті Мәдина Тыныбаева өз сөзінде оқу орнының тарихын, беделді колледжердің қатарында екенін атап өтті. Бұл колледждің түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие.

Жиынға облыстық білім басқармасының өкілдері, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалымдары, өңірдегі колледждерінің басшылары қатысты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img