spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында мердігер лицензиясынан айырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша өңірде әлеуметтік сала объектілерінде күрделі жөндеу жұмыстарының барысына тексеру жүргізілуде.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазановтың айтуынша, құрылыстың сапасы мен мерзіміне қатысты жұмыстар тұрақты жүргізіліп, ерекше бақылауда.

«Бүгінгі таңда, тексеру нәтижелері бойынша 12 мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 мердігерге шартты бұзу, өсімпұл өндіріп алу және жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап арыздар берілді», – деді Е.Рамазанов.

Жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізіліп, кестеден кешіктірілген объектілердің арасындаБіржан сал ауданы Степняк қаласындағы N 1 мектеп бар. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бас мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС-ға қатысты күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша жөндеу кестелерінің айтарлықтай артта қалуы атап көрсетілді, сонымен қатар мемлекеттік стандарттар мен бекітілген жобадан ауытқулар анықталды.

Қазіргі уақытта, Ақмола облыстық соты сот алқасының шешімімен «ГрадСтройСервис» ЖШС лицензиясынан айырылып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ЖШС-ны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img