spot_img
Дүйсенбі, Қыркүйек 28, 2026
6.1 C
Kokshetau

Ақмола облысында мердігер лицензиясынан айырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша өңірде әлеуметтік сала объектілерінде күрделі жөндеу жұмыстарының барысына тексеру жүргізілуде.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазановтың айтуынша, құрылыстың сапасы мен мерзіміне қатысты жұмыстар тұрақты жүргізіліп, ерекше бақылауда.

​«Бүгінгі таңда, тексеру нәтижелері бойынша 12 мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 мердігерге шартты бұзу, өсімпұл өндіріп алу және жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап арыздар берілді», – деді Е.Рамазанов.

Жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізіліп, кестеден кешіктірілген объектілердің арасындаБіржан сал ауданы Степняк қаласындағы N 1 мектеп бар. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бас мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС-ға қатысты күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына тексеру жүргізді.

​Тексеру нәтижелері бойынша жөндеу кестелерінің айтарлықтай артта қалуы атап көрсетілді, сонымен қатар мемлекеттік стандарттар мен бекітілген жобадан ауытқулар анықталды.

Қазіргі уақытта, Ақмола облыстық соты сот алқасының шешімімен «ГрадСтройСервис» ЖШС лицензиясынан айырылып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ЖШС-ны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға дайын. Қайырымдылық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика