spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының белсенді жастары жыл қорытындысы бойынша марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жылды қорытындылау мақсатында, кешкілік іс-шарасы өтті. Шараға, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы – Алмас Алин, басқарма басшысының орынбасары – Сабырхан Кенжебаев, өңірлік жастар ресурстық орталықтардың басшылары және белсенді жастар қатысты.

Қазіргі уақытта Ақмола облысында 212 233 жас азамат тұрады. Бұл облыс халқының жалпы санының шамамен 27 % құрайды. Оның ішінде ауыл жастары – 93 091 адам болса, қалалық – 119 142 адамды құрайды. Аталған жастармен бос уақытты тиімді пайдалану және жастар саясатын дамыту мақсатында арнайы жастар ұйымдары түрлі бағытта жұмыс жасайды.  

Көкшетау қаласы бойынша 35-тен астам жастар және еріктілер ұйымдары бар болса, жалпы облыс бойынша 130-дан астам ұйымдар бар. Әрбір ұйым өңіріміздегі жастар саясатының даму жолында қызмет етіп, қоғамда орасан зор үлестерін қосуда.

Осыған орай, аталмыш ұйымдардың ішінен жыл бойы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан, жастар ресурстық орталықтармен бірлесе өткізген шараларға атсалысқан белсенді жастар қатары және облысымыздың жастар ресурстық орталықтарының басшылары ішкі саясат басқармасының басшысы атынан алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, «Үздік ЖРО»номинациясы бойынша – Қосшы қаласының Жастар ресурстық орталығы,  «Белсенді ЖРО»номинациясы бойынша – Зеренді ауданының  Жастар ресурстық орталығы,   «Үздік Тренд-2023»  номинациясы бойынша – Атбасар ауданының  Жастар ресурстық орталығы атанды. Әр номинация жүлдегерлері дипломдар және бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Жастардың қай замандарда болмасын, әрқашан қоғамда үлкен әлеуметтік күшке ие болғанын байқаймыз. Олар әрдайым қоғамның ең белсенді мүшесі әрі жұмыс күші болып табылады. Оның үстіне бүгінгі жастың ертеңгі елдің болашағын жандандырып елімізге пайдасын тигізетіне кәміл сенемін. Сөзімді қорытындылай келе, ең бірінші сіздерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Қызметтеріңізге табыс, қажымас қайрат пен үлкен армандарыңызды жүзеге асыруда сәттілік, келе жатқан жаңа жылда жаңа табыс тілеймін! Әрқайсыңыз Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне сүбелі үлес қосып, әлеуеті зор, бәсекеге қабілетті, дені сау азамат болуларыңызға тілектеспін!» – деп ізгі тілекпен  Ішкі саясат басқармасы басшысы – Алмас Аянұлы өз сөзінде тоқталып кеткен болатын.

Кеш соңында барлық қатысушыларға арнайы ойын өткізіліп, концерттік бағдарламармен жалғасын тапты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img