spot_img
Дүйсенбі, Маусым 2, 2025
21.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында 6 млн. теңгеден астам соманы құраған ұрлық қылмысы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Степногорск қаласының Полиция басқармасына өңірдегі кәсіпорындардың бірінің аумағында ұрлық жасалғаны туралы өтініш келіп түсті.
Келіп түскен өтініште а.ж. 2 қарашада белгісіз адамдар комбинаттың суық қоймасына кіріп, іскерлік металды ұрлап кеткені туралы хабарланды. Залал сомасы 6 млн. 308 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті тұлғаны анықтады. Қазіргі уақытта оның аталған қылмысқа қатысы тексерілуде.
Қылмысты ашу үшін полицейлер аймақтың металл сынықтарын жинау пункттерін тексеріп, ұрланған металды Астана қаласынан тапты. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Күдікті азаматтың комбинат қызметкері екені белгілі болды. Ол жүк көлігі мен жүк тиегішті жалдап, ұрланған затты Астана қаласына апарып, содан кейін металды қабылдау пунктіне тапсырған.
Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде

«30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады», деп хабарлайды . Акцияның мақсаты –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика