spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
14.5 C
Kokshetau

Осы жылы өңіріміздің білім саласында қандай жаңалықтар болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында мемлекеттегі адами капиталды дамытудың маңыздылығын үнемі атап өтеді. Бұл негізгі білім беру жүйесін дамытуды ғана емес, сонымен қатар оның барлық аспектілерінде қосымша білім беруді дамытуға мән береді.

Өздеріңіз білетіндей, қосымша білім берусіз балалардың барлық әлеуетін ашу мүмкін емес, ол үшін әр баланың сабақтан тыс уақытта үйірмелер мен секцияларға қатысуға мүмкіндігі болуы керек.

Ағымдағы жылы балалардың қосымша білім беру облыстың 51 ұйымында ұйымдастырылды. Мемлекеттің қолдауымен бірқатар тиімді шаралар қабылданды, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен балалардың жеке ұйымдарда қосымша білім алу мүмкіндігі қолжетімді болды.

Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептерде 3104 үйірме мен 4536 спорт секциясының жұмысы ұйымдастырылды. Осылайша, қосымша білім берумен өңірдің 110 мыңға жуық оқушысы қамтылды.

Жазғы кезеңде облыс бойынша 16 қала сыртындағы лагерь (10 мемлекеттік және 6 жеке) жұмыс істеді.

Республикада алғаш рет жазғы демалыс кезінде Бурабай курорттық аймағында тарихы терең оқу орындарының бірінде лагерь жұмысы ұйымдастырылды, білім ордасы тоғыз онжылдықта 20 мыңнан астам маман шығарды. Щучинск қаласындағы жоғары педагогикалық колледж бағдарламасы идеясының өзіндік ерекшелігі – балалар қала сыртына шықпай, лагерьдің өміріне белсене қатыса алды. Ауысымның 10 күнінде балалар әр түрлі іс-шараларға қатысып, ең жағымды эмоциялар мен әсерлерге ие болды.

Және тағы бір жақсы жаңалық: биылғы жазда Сандықтау ауданындағы бұрынғы балаларды қолдау орталығының базасында жыл бойы жұмыс істейтін «Жас дәурен» балалар сауықтыру лагері ашылды.

Жалпы, осы жылы облыстың 110 мыңға жуық баласы жазғы демалыспен және жұмыспен қамтылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img