spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Атаулы әлеуметтік көмекті беру тәртібі өзгерді

Сондай-ақ...оқыңыз

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4500 ақмолалық көп балалы отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек берілмек,  деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігі.

Тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау мемлекет тарапынан былтырғы жылдан бастап қолға алынғаны белгілі. Өткен жылғыға қарағанда бірқатар жаңа өзгерістер енгізілген бағдарламаға кімдер қол жеткізбек? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылған жоба аясында былтырғы жылы ақмолалық 9 мың отбасы аталған атаулы әлеуметтік көмек алған. Алайда, мемлекеттің қаражатын алуға ұмтылған отбасылардың нақты табысын жасырып, көмекті қажет ететін отбасылардың қатарына енуі бұл санның едәуір қысқаруына түрткі болған. Статистикалық деректерге қарағанда еліміз бойынша 74 мыңға жуық отбасы табысын жасырып, әлеуметтік қолдауға ие болып келгені анықталған.

Аталған өзгерістерге сәйкес атаулы әлеуметтік көмекті енді тек төрт және одан да көп балалы отбасыларға олардың отбасылық кірістеріне қарамастан берілетін болады. Бүгінде аталған мақсатқа және басқа да әлеуметтік жәрдемақыларға республикалық бюджеттен 472,5 миллиард теңге қаражат бөлінген.

  • Атаулы әлеуметтік көмек тұрмыс жағдайы ауыр көп балалы отбасыларды қолдауға арналған. Әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне шаққанда арнайы жәрдемақыны қосқанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің бекітілген межесінің 70 пайызынан аспаған жағдайда берілетін болады. Біздегі қолда бар мәліметтерге сәйкес биыл атаулы әлеуметтік көмекке 4500 ақмолалық көп балалы отбасы ие болмақ, – дейді Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дина Ахметжанова.

Басқарма басшысының берген деректеріне сенсек атаулы әлеуметтік көмекке  ие болу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы 21 800 теңгеге тең болуы тиіс. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген отбасының ата-анасы жұмыс істемесе немесе  істеуден бас тартса оған әлеуметтік көмек бірден тоқтатылмақ. Мұнымен қоса әр үш ай сайын әлеуметтік көмек алатын отбасылар учаскелік комиссиямен тексеріліп, өздерінің табысы туралы растау құжаттарын тапсырып отыруға міндеттелген.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы қол қойған бағдарламаға сәйкес осы жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт балалы отбасыларға – ай сайын 42 500 теңге, бес балаға 53 125 теңге, алты балаға 63 750 теңге, жеті және одан көп балалы отбасыларға 73 375 теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілетін болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img