spot_img
Дүйсенбі, Қазан 7, 2024
11.6 C
Kokshetau

Тұрғындардың денсаулығы басты назарда!

Сондай-ақ...оқыңыз

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақмола облысында халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қамтамасыз етіудің жаңа моделі жұмыс істейтін болады деп хабарлайды Aqmola news ақпараттық агенттігі.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің көлемі барлық тұрғындар үшін ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылады. Оған жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қамту және бүкіл қоғамдық орта үшін маңызды ауруларды бақылау кіреді. МӘМС медициналық көмектің басқа да тізімін қамтиды және әрбір сақтандырылушының өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға бағытталған.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 29 қарашасына дейін Ақмола облысы МӘМС жүйесіне 8,08 миллиард теңге аударылған. Мұның бәрі жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің жарналары есебінен жүзеге асуда. Жұмыс берушілердің жарналары – 7,7 миллиард теңге және жеке кәсіпкерлердің салымдары – 347,6 миллион теңге. Ал, республика бойынша жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің жарналарының жалпы сомасы 234,2 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ, облыста мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың 28 қарашасындағы жағдай бойынша салық төлеуде 2053 қарыз берушілер бары анықталды. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 92-бабында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңнаманы алғаш бұзғанда ескерту берілетіні, ал, бірнеше рет заң бұзылған жағдайда айыппұл салынатыны айтылған. Оған қоса, егер салық төлеушінің банктік шоттарына төлемдер бойынша берешек болса, кез-келген ақша операциялары заңнамаға сәйкес берешектер өтелгенге дейін тоқтатылатыны да белгілі. Жалпы, медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа тізімін жасау кезінде осы қызметтерге толық тексеру жүргізілген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ-ның Ақмола облыстық филиалының директоры Нұрлан АҚЫЛБЕКОВ:

– Қазіргі таңда МӘМС жүйесін енгізуде медициналық ұйымдардың компьютерлік техниканы және ақпараттық жүйелерді пайдалануға дайындығы артып келеді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында Ақмола облысында «ЦИТ Даму» серіктестігінің әзірлеуімен кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізілді. Қазіргі таңда тіркелген тұрғындардың жалпы санының жүз пайызға жуығына денсаулық паспорттары толтырылған. Сонымен қатар, «Damumed» мобильді қосымшасын орнатқан халықтың біраз бөлігі белсенді-интернет тұрғындары екені айқын. Оған қоса, «ЦИТ Даму» серіктестігі «Saqtandyry» ақпараттық жүйесімен КМИС интеграциялау бойынша жұмыс жүргізді. Оның негізгі міндеті МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін анықтау алгоритмін жүзеге асыру болып табылады.

Сонымен қатар, бүгінде облыста мәртебесі жаңартылмаған 24 705 азамат бар. Айталық, 10013 адам формализациялаудан бас тартса, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке қосалқы учаскелерден – 6528, кеткендері – 5283, жалданған жұмысшылар – 1858 адам. Олардың құжаттарын жаңарту жұмыстары әлі де жалғасуда. Нұрлан Ақылбековтың берген мәліметтеріне сәйкес өткен жылда бірыңғай жиынтық төлем өскен. Бүгінгі таңда оны 9351 адам төлеген. Бір айта кетерлігі қалада айына 2525 теңге ал ауылда 1263 теңге төлейтін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар МӘМС жүйесінің толық қатысушысы бола алады. Оған қоса, бірыңғай жиынтық төлемнің үлкен артықшылығы – барлық салықтар мен шегерімдер осы сомадан есептелгенінде 10 пайызы жеке табыс салығы болса, 20 пайызы әлеуметтік аударымдар, 30 пайызы міндетті зейнетақы жарналары, 40 пайызы міндетті медициналық сақтандыру төлемдері ретінде саналып отыр. Сондықтан, өз мәртебесін жаңартудан бас тартқан азаматтар, 2020 жылы МӘМС енгізілген сәттен бастап, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген минималды пакетін ғана ала алады. «Сонымен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС механизмі іске қосылады. Осыған орай, тұрғындардың сақтандырылу туралы сауалдары артып келеді. Сондықтан, МӘМС-ке қатысты сауалдарды сіз облыстық немесе байланыс телефондары ақпарат графикасында көрсетілген бірыңғай байланыс-орталығына телефон шалып, ақпараттық кеңес алуыңызға болады. Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықты өзектендіру мен алға қойылған міндеттерді шешуде, әсіресе, БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді назарда ұстайтын боламыз» – дейді Нұрлан Ақылбеков.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img