spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Қосымша табысты уәде еткен алаяқтар ақмолалықты алдап соқты

Сондай-ақ...оқыңыз

Интернет–алаяқтардың тағы бір құрбаны Қосшы қаласының тұрғыны болды. 11 сәуірде елордалық полиция бөліміне өтініш келіп түсті, онда әйел өз ақшасын алдап иеленген белгісіз адамдарды жауапқа тартуды сұрады.

Өтініш берушінің айтуынша, 5 сәуірде Instagram әлеуметтік желісінде ол инвестициялау арқылы қосымша табыс табу мүмкіндігі туралы жарнаманы көрген. Ақмолалық сілтеме бойынша өткеннен кейін бірнеше минут ішінде «телеграм» қосымшасы бойынша «менеджер» хабарласып, шарттарды түсіндірген.
Ақмола тұрғыны бірінші рет ондай ұсыныстан бас тартқан, алайда екі күннен кейін оған банктердің бірінің жалған қызметкерлері телефонына қоңырау шалып, кейіннен дивидендтер алу үшін ақша салу қажеттілігіне сендірген.

Осылайша, келіншек алаяқтардың шотына 90 000 теңге аударған, алайда кейінірек интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға хабарласқан.
Полиция азаматтарды тағы да қырағы болуға шақырады. Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендердің мәлімдемелері полиция есептерінде күн сайын дерлік тіркеледі, алаяқтардың алдау үшін қолданатын әдістері бірдей.
Құқық қорғау органдары ақша қаражатын үшінші тұлғалардың шоттарына аудармауға, банктердің «қызметкерлеріне» смс – хабарламалардан жеке мәліметтер мен кодтарды хабарламауға қатаң кеңес береді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img