spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 19, 2026
12.6 C
Kokshetau

Қазақстанда мемлекеттік шекарадан автокөлікті өткізу ережелері жаңартылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы автокөліктер мен жүк көліктерін өткізу ережелеріне енгізілген толықтырулар қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңартылған ережелер туралы бұйрық 13 сәуірде Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті ашық нормативті-құқықтық актілердің сайтында жариялады.

Бұйрықта электронды кезек жүйесіне жаңартулар енгізу туралы ұсыныстар айтылған.

Электрондық кезек жүйесіндегі бақылау-өткізу пунктіне көлік құралдарының кіруін бірінші кезекте (кезектен тыс) тіркеу туралы тармаққа жеделдетілген өту ақысын төлеген тұлғалардың (заңды, жеке тұлғалар) санаты қосылған.

Бұған дейін бұл тізімге тек үкіметаралық келісімдер негізінде тез бұзылатын және қауіпті жүктер, нысандағы тауарларға арналған декларация болған жағдайда Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында экспортқа арналған тауарлар, белгіленген пошта операторы, ірі көлемді (габаритті емес) және уәкілетті экономикалық операторлардың арнайы рұқсаты бар ауыр салмақты жүктер, Президент Әкімшілігі немесе Қаржы министрлігі басымдық (кезектен тыс) жол жүру құқығын берген тұлғалар кіретін.

Құжат 27 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ашық диалог және жауапты өкілдік

Куаныш Оспан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасының директоры. Меніңше, бүгінде қоғам сайлауға бұрынғыдан да саналы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика