spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
7.3 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері бірқатар велосипед ұрлығына күдіктіні ұстады

Сондай-ақ...оқыңыз

Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 57 жастағы тұрғынының осы жылдың 5-6 сәуірі аралығында белгісіз адам подъезден «Fattire» маркалы велосипед ұрлағаны туралы өтініші келіп түсті. Залал сомасы 50 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, биылғ жылдың 9 наурызында полицияға Көкшетау қаласының тұрғыны 8-9 наурыз аралығында құны 55 мың теңге болатын «Соломон» маркалы спорттық велосипед ұрлығын подъезден жасаған белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны анықталды. Ұрланған велосипедті қаскөй қала базарларының бірінде сатқан

.
ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ақмолалықтың тағы екі велосипед ұрлығына қатысы бар екені анықталды, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img