spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында Абай мен Махамбет оқуларының үздіктері анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 9-11 сәуір аралығында  Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ХХIV «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі және ХІІІ «Махамбет оқулары» облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шараның негізгі мақсаты: өскелең ұрпақты қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын ақындардың шығармаларымен таныстыру; шығармашылықты дамыту, рухани мұраға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

 

«Абай оқулары» байқауы 6 номинация бойынша өткізілді:

1) «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

2) «Абайдың қара сөздері»

3) «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»

4) «Көңілім әнді ұғады»

5) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

6) «Ұлылар әлемі»

 

«Махамбет оқулары» байқауы 3 номинация бойынша өтті:

1) «Ел құтқарар едім»

2) «Тартынбай сөйлер асылмын…»

3) «Ұлы арман»

 

Байқауға аудандардан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 150-ге жуық оқушы қатысты.

ХХIV «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінің 33 жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, сыйлықтарымен және медальдарымен  марапатталды: І-6, ІІ-10, ІІІ-17, грамота-12.

«Махамбет оқулары» байқаудың қорытындысы бойынша – 18 жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, сыйлықтарымен және медальдарымен  марапатталды: І-3, ІІ-6, ІІІ-9, грамота-4.

Сонымен қатар, іс-шара барысында балалармен түрлі ойындар, тренингтер өткізілді. Топ жетекшілерімен «Ақмола дарыны» педагог-психологымен «Біздің эмоцияларымыз» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Команда қатысушыларымен «Болашақты таңдағанда» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Еліміздегі ең ірі педагогикалық отрядтардың бірі – «Думан» педагогикалық отрядының тәлімгерлері мен командалардың қатысушыларымен флешмоб ұйымдастырылды.

ХХIV «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінде 1 орын алған қатысушылар республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

 

Құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!!!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img