spot_img
Сәрсенбі, Қазан 16, 2024
-3.8 C
Kokshetau

12 сәуір – ғарышкерлер күні

Сондай-ақ...оқыңыз
Бұл мереке – ғарыш саласында қызмет етіп жүргендер мен ғылымның жаңа деңгейге көтерілген күні, деп хабарлайды sputnik.kz. 12 сәуір – адам баласының ғарышқа алғаш рет ұшқан күні. Биыл бұл айтулы датаға 61 жыл толды.
1961 жылдың 12 сәуірінде Кеңес одағының аға лейтенанты Юрий Гагарин «Восток» кемесімен алғаш рет Жер орбитасын айналып ұшты.
Полет проходит успешно. Чувство невесомости нормальное. Самочувствие хорошее. Все приборы, вся система работают хорошо. Космонавт Юрий Гагарин в кабине космического корабля Восток-1  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Юрий Гагарин «Восток-1» ғарыш кемесінің ішінде
Небәрі 108 минутқа созылған сапар ғарышты игеруде үлкен қадам болды. Юрий Гагариннің есімі әлемге әйгілі болып, өзі шұғыл майор және Кеңес одағының қаһарманы атағын алды.
Бұл мереке – ғарыш саласында қызмет етіп жүргендер мен ғылымның жаңа деңгейге көтерілген күні. Алғаш рет 1962 жылдың 9 сәуірінде КСРО жоғарғы кеңес президиумының өкімімен белгілі бір республикаларда ғана тойланып жүрді. Кейін 1968 жылы халықаралық авиация федерациясының конференциясында айтулы күнді әлемдік дәрежеде атап өту туралы шешім қабылданды.
2011 жылдан бастап бұл күн халықаралық адамның алғаш ғарышқа ұшқан күні (International Day of Human Space Flight) деп аталып жүр.

Қазақстаннан кімдер ғарышқа ұшты

КСРО-ның соңғы және қазақ ұлтының алғашқы ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ғарышқа экспедициялық сапармен барып, сол жақта 7 күн 22 сағат 13 минут болды. Әубәкіров нөмірі бірінші ғарышкер ғана емес, ол алғаш рет басқа кеңістікте жүріп қазақтың ұлттық тағамын жеген адам. Сол жылы ғалымдар ірімшік, айран және қазақша етті ғарышта жүріп жеуге болатындай етіп әзірлеген.
Космонавты Токтар Аубакиров, Александр Волков, Франц Фибек - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Тоқтар Әубакіров, Александр Волков, Франц Фибек
Ол 1991 жылдың 2 қазанында ғарышқа старт кезіндегі экипаж командирі Александр Волков және австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге «Союз ТМ-13» кемесімен ұшты. Бір апта бойы «Мир» орбиталық кешенінің бортында жұмыс істеді.
Қазақтан шыққан екінші ғарышкер – Талғат Мұсабаев. Мұсабаев ғарышқа үш мәрте ұшып, сол жақта 341 күн 9 сағат 48 минут 41 секунд болып қайтты. Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енген: осы күнге дейін ол секілді ешкім ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт болып көрмеген.
Космонавты Ульф Мербольд, Юрий Маленченко и Талгат Мусабаев на пресс-конференции, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Ульф Мербольд, Юрий Маленченко мен Талғат Мұсабаев
Ғарышкер алғашқы сапарына 1994 жылы 1 шілде мен 4 қараша аралығында «Союз ТМ-19» және ЭО-16 кемесінің бортинженері ретінде ұшып, ғарышта 125 күн 22 сағат 53 минут және 36 секунд жүрді. Екінші сапары 1998 жылы 29 қаңтар мен 25 тамыз күндері орындалды. «Союз ТМ-27» мен ЭО-25 кемелерінің командирі ретінде ұшып, сол жақта 207 күн 12 сағат 51 минут 2 секунд болған.
Үшінші сапарын 2001 жылы 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында «Союз ТМ-32» және «Союз ТМ-31» экспедиция жүргізуге бағытталған кемелердің командирі ретінде орындады. Ғарышкердің бұл сапары 7 күн 22 сағат 4 минут 3 секундқа созылды. Ғарышқа ұшқан бірінші Қазақстан Республикасының азаматы – Айдын Айымбетов.
Казахстанский космонавт Айдын Аимбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Айдын Айымбетов
Айымбетов 2015 жылдың 2-12 қыркүйегі аралығында «Союз ТМА-18М» және халықаралық ғарыш станциясына бағыт алған «Союз ТМА-18М» кемесінің екінші бортинженері ретінде ұшты. Халықаралық ғарыш станциясына барған ЭП-18 экспедиция мүшесі. Жерге «Союз ТМА-16М» кемесінде оралды. Ұшу уақыты 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секундқа созылды.

«Адамға табын, Жер, енді!»

Адамның ғарышқа ұшқан сәтін жырға қосқан ақын – Олжас Сүлейменов. Публицист бұған дейін Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында сол айтулы күннің қалай өткенін баяндады.
«12 сәуір. 1961 жылдың 12 сәуірі. Бұл бүкіл адамзат үшін ғана емес, жас ақын, әдебиетші Сүлейменов үшін де жұлдызды күн болды. Оған дейін де бірлі-жарым өлең жаздым, алайда ол уақытта кітабым да жоқ еді. «Казахстанская правда» газетінде жұмыс істеп жүрдім. Редактор шақырып, «Ертең адам ғарышқа ұшады» деді. Маған осындай құпияны айтты. Шамасы партияда осыған байланысты қандай да бір ақпарат айтылып жүрген, республикалық газеттің редакторы ретінде ол жоспардан хабардар еді.
Олжас Сулейменов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Олжас Сүлейменов
Меніңше, Кеңес Одағының барлық редакторы сол тарихи оқиғаның болатынын білді. Алайда тек бір редактор ғана оны өзінің қызметкеріне айтып, өлең жазуын өтінді. Ол менің өлең жазатынымды білетін, себебі әдебиет институтында оқыдым. Әдеби газетте өлеңдерім жарияланған. Содан Федор Боярский осындай ұсыныс айтты. Ерекше редактор болатын.
«Ертең газетте жариялайтындай етіп жаз» деді. Тапсырмасын сол күні орындадым, баспаға тапсырдым», – деп еске алды Сүлейменов.
Ал ертеңі таңертең ақынның қарындастары өлеңі жазылған бір уыс парақты үйге алып келген. Сол күні Олжас Сүлейменовтің өлеңін ұшақпен жүріп таратқан.
«…Содан кейін Федор Боярский 12 сәуірде маған: «Жаз. Өлең аз болады, әрі қарай жаз. Көлемді өлең жаз. Көп. Ғарышқа ұшу туралы жаз. Сен инженерсің ғой, түсінесің…» деді. Себебі оған дейін геология факультетін бітірдім, геолог-инженер болдым. Шын мәнінде адамның ғарышқа ұшуы дегеннің не екенін түсіндім. Мұны бәзбіреулер балықтың құрлыққа шығуы секілді тарихи, биологиялық фактімен салыстыруға болатынын айтты. О, қалай! Авторы есімде жоқ, алайда бұл сәтті салыстыру болды. Содан кейін жаздым. Бір апта жазған болармын. Тоқтамастан жаздым, жаздым. Айғайладым! Себебі мұндай дүние үнсіз жазылмайды. Дауыстап айтып отырып жазылады. Бөлме ішінде ары-бері жүргенімнен үйдегілер де қорқып кететін. Нәтижесінде сәуірде «Адамға табын, Жер, енді!» поэмасын өндіріске өткіздім», – деген Сүлейменов.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Кәсіпті қалай ұйымдастыру қажеттігін ауыл адамдарына ауылды жерлерге барып түсіндіру қажет

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі. Кеше (14 қазан 2024 жыл) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ Целиноград ауданы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img