spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 17, 2025
-14.3 C
Kokshetau

Облыс әкімі Асқар Забикулинге ескерткіш орнатуды ұсынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қаһарман құтқарушы Асқар Забикулиннің анасын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтағалы барған Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жуық арада Көкшетау қаласында адам жанын тілсіз жаудан арашалап жүріп өз өмірін құрбан еткен батырға ескерткіш орнатуды ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлауда.

«Сіздің ұлыңыздың есімі асқан ерліктің, жанқияр қаһармандықтың, қызметтік борышына деген шексіз адалдықтың нышанына айналды. Біз оның осы жерде ер жетіп, білім алғанымен мақтанамыз. Әрдайым жаныңыздан табылып, көмек қолын созуға әзірміз» – деді өңір басшысы батырдың анасы Бибігүл Забикулинамен кездесу кезінде.

Еске салайық, Асқар Забикулин өткен жылдың 16 қарашасы күні Астана қаласында өрт құшағында қалған адамдарды құтқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада жан тапсырды. Ержүрек құтқарушы қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» орденімен және «Алтын адам» сыйлығымен марапатталды, Астана қаласының «Үркер» тұрғын алабындағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі берілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика