spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

Мемлекет жетім және мүгедектігі бар студенттер үшін жатақхана ақысының жартысын өтейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бірақ, бұл сома 29 АЕК мөлшерінен аспауы тиіс, деп хабарлайды informburo.kz.

Ашық НҚА порталында Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасына енгізілетін өзгертулер жария талқы үшін ұсынылды.

Оған сәйкес, білім алуы кезінде мемлекеттен көмек алу құқығы бар азаматтар тізімі кеңейеді. Атап айтқанда, бұл тізімге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар (сондай-ақ, бала кезінен мүгедектігі бар) адамдар қосылады.

Қаулы жобасына сәйкес, бұл аталған санаттарға жататын студенттер жоғары білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде олардың жатақханада тұру ақысының 50 пайызын мемлекет өтейді. Алайда, өтелетін шығын сомасы 29 айлық есептік көрсеткіштен (2023 жылы – 100 050 теңге) аспауы тиіс.

Қаулы жобасын талқылауға 28 наурызға дейін қатысуға болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img