spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.2 C
Kokshetau

«Көктем-2023»: құтқарушылар Ақмола облысының су тасқынына дайындығын тексерді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды, су тасқыны кезеңінде ТЖ туындаған кезде практикалық іс-шаралар кешені пысықталды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шаралар өткен жылдың жазынан басталды, қазір аула аумақтарынан қар тазалау, бөгеттер мен үйінділерді нығайту және басқа да іс-шаралар жалғасуда.

Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын дайындыққа келтіру және төтенше жағдайларды жою жөніндегі шешімдерді қабылдау жөніндегі теориялық және практикалық іс-қимылдарға бағытталған іс-шаралар кешеніне жыл сайынғы командалық-штабтық жаттығулары кіреді.

«2023 жылғы 2-3 наурызда елімізде «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды. Осы екі күн ішінде облыстың барлық аумағында облыстық Азаматтық қорғау кіші жүйесінің, сондай-ақ аудандық азаматтық қорғау кіші жүйелерінің іс-әрекеттері бойынша практикалық және теориялық оқу-жаттығулар өткізілетін болады. Аймақтың барлық топтамасы дайын. Негізінен басқару органдары мен әрекет ететін күштер мен құралдар арасындағы өзара іс-қимылға баса назар аударылатын болады», – деп атап өтті Қайрат Қасым.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін ақмолалық жас мұғалім «Шапағат» медалін иеленді

«Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мектебімізде Назерке деген оқуда озат, әрі белсенді, әрі көшбасшы оқушы болатын. Сол қызға қатты ұқсағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img