spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
11.7 C
Kokshetau

Щучинск қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабайда жасөспірімдер арасындағы биатлоннан әлем чемпионаты басталды. Онда әлемнің 40-қа жуық елінен 500-ден астам спортшы жиналды. Чемпионат 12 наурызға дейін жалғасады. Кеше сол әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Aqmolanews.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатының ашылу салтанаты жоғарғы деңгейде өтті. Оған халықаралық биатлоншылар Одағының президенті Олле Даллен, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек, Қазақстан биатлоншылар Одағының президенті Ермек Қизатов қатысты. Мұндай ауқымды спорттық іс-шаралар Қазақстанда алғаш рет өтуде. Халықаралық биатлоншылар одағы өкілдерінің айтуынша, мұндай жарыстарды Бурабайда өткізу бірнеше себептерге байланысты болған. Ең алдымен, бұл климаттық жағдайға байланысты. Бұл жердегі қар мөлшері мен ауа-райы қолайлы. Екіншіден, жас биатлоншылар арасындағы жарыстардың өзі Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығында, барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және өткен жылы жоғары санатты лицензия алған заманауи биатлон стадионында өтеді. Үшіншіден, спорт нысаны қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, Астана қаласының әуежайымен тікелей автомобиль және теміржол қатынасы бар.

«Ел үшін бұл өте үлкен, ауқымы кең іс-шара, өйткені 2011 жылғы Универсиададан кейін қысқы спорт түрлері бойынша мұндай ірі жарыстар өткізілген жоқ еді. Бұл жарыстар қысқы спорт түрлерін, дәлірек айтсақ, биатлонды насихаттауға мүмкіндік береді. Жарыстың бірінші күні микс-эстафета өтеді, содан кейін жеке жарыстар басталып, сайыс 4х4 эстафетамен аяқталады. Соңғы күні қуғын-сүргін жарысы юолады», – деп атап өтті Олимпиадалық дайындық орталығының директоры Ардақ Төлендин.

Қазақстан биатлоншылар одағының өкілдері атап өткендей, бұл біздің еліміздің осындай ірі спорттық іс-шараларды өткізуге дайын екендігін көрсетудің үлкен мүмкіндігі. Еліміздің 20 биатлоншысы осы жарысқа қатысады. Осыдан бір апта бұрын биатлоннан ел чемпионаты өтті, онда 20 спортшы іріктелді.

Фото: Қазақстан биатлоншылар Одағы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img