spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
-24.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Көктем – 2023» оқу-жаттығуы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ақмола облысында Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерінің, облыстық азаматтық қорғау қызметтері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімі бастықтарының, БАҚ, тартылатын мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының қатысуымен «Көктем-202і» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Тактикалық оқу-жаттығулар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктемгі кезеңде төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктемгі кезеңде төтенше жағдайларға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында жүргізіледі.

Осындай оқу-жаттығулар жыл сайын республиканың барлық облыстарында өтеді. Оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтау мақсатында облыстың барлық қалалары мен аудандарында жедел штабтар құрылды.

Құтқарушылар екі күн қатарынан төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдерін пысықтайтын болады. Биыл облыстық оқу-жаттығу Көкшетау қаласында өтетін болады.

Жаттығуға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, облыстық, қалалық  шұғыл ден қою жасақтары, авариялық-құтқару қызметтерінің құрамалары, ҚР ҰҰ 5510 әскери бөлімі және халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің барлық объектілері тартылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика