spot_img
Сейсенбі, Мамыр 30, 2023
19.4 C
Kokshetau

Ұлттық ұлан жауынгерлерінің арасында жекпе-жек бойынша жарыс басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Қарағанды қаласының 5451 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының басшысы генерал-майор Сакентай Шекарбековтың Кубогіне арналған жекпе-жек бойынша жарыс басталды. Жарысқа Ұлттық ұланның СҚО, Ақмола, Қостанай, Қарағанды қалаларынан жауынгерлер келді. Басты мақсат – жеңіске жету.

Үш күндік додада жауынгерлер өзара боз кілемде жекпе-жекке шығып бақ сынасатын болады, алғырлары мен айласы мен күші басымдар төртінші күні өтетін жарыстың шешуші кезеңіне өтеді.

Жарыстың бас төрешісі болып – Президенттік көпсайыстың шаңғы мен биатлон жарысы бойныша спорт шеберіне үміткері, Орталық өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бастығы полковник Александр Апасов тағайындалды.

Айта кетейік, аталмыш жарыстың мақсаты жауынгерлердің физикалық түрде дайындығы, спорт арқылы рух пен ұжымдық күш тәрбиелеп, алдағы уақытта сәуір айында Шымкент қаласында өтетін Республикалық жарысқа топ құру болып табылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Оқу озаттары мен белсенділердің мерейтойлық слеті

2023 жылы 26 мамырда «AMANAT» партиясының бастапқы тобы мен «Жас ұлан» мектеп ұйымының бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img