spot_img
Жексенбі, Сәуір 28, 2024
16.2 C
Kokshetau

Емханадағы «ашық есік» күні

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында жастарға қолдау көрсету орталығы жұмыс істейді. Аталмыш орталық 10 жас пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Нақтырақ айтар болсақ, гинекология, урология, дерматовенерология, психология және басқа да бағыттар бойынша мамандар кеңеспен бөлісіп, сондай-ақ репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша семинар-тренингтер өткізеді.

Айта кетейік, 1-7 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының өңірлерінде жастар денсаулық орталықтарында «ашық есік» күндері өткізіледі. Мұндағы мақсат: бұқара назарына осындай орталықтың бар екенің жеткізу және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен мазмұны туралы шолу жасау. Бұл орталықта көрсетілетін қызметтердің барлығы тегін, әрі, заманауи технологиялар мен қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

«Өткізіліп жатқан шара аясында жасөспірімдер мен жастар гинекология, урология, дерматовенерология саласындағы мамандардың консультациялары, сондай-ақ емдеу-диагностикалық көмек ала алады. Сондай-ақ, репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша семинар-тренингтер өткіземіз. Жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік көмек алу, сондай-ақ орталықтардың заңгерлерінен қажетті құқықтық көмек алу мәселелері бойынша да ақпарат алады. Іс-шараны облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары, сондай-ақ жастар денсаулық орталықтары ұйымдастырады»,- деп атап өтті «Senimen bolashaq» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының басшысы Айгүл Нұрмағамбетова

Жастар денсаулық орталығы – қол жетімділік, ізгі ниет және сенім қағидаттарына негізделген жасөспірімдер мен жастарға кеңес беру мен қызмет көрсетудің халықаралық деңгейде танылған интеграцияланған жүйесі. Орталықтарда жастар өздері үшін қажетті кеңестер мен мамандардың көмегін тегін ала алады.

«Біз бұл орталық туралы әлеуметтік желіден көрдік. Өте қолжетімді әрі жастарға қажетті мамандар қызмет көрсететінін білгенде, бірден құрбыларымды ертіп келдім. Жастарға қолдау көрсететін осындай заманауи орталықтардың бары қуантады. Әрі бұл жерде қажетті технологиялардың барлығы бар. Яғни қажетті ақпарат түсінікті, әрі қызықты жеткізіледі»,- деп ризашылығымен бөлісті студенті Утегина Аяжан.

Расымен де, орталықтың заманауи технологиялар мен қажетті жабтықтармен толық қамтамасыз етілгеніне өзіміз куә болдық. Мамандар да өз ісін адал әрі жауакершіліпен орындауда. Ең бастасы келушілер дән риза.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img