Біреудің көлігін ұрлап, қонаққа барып келген: Ақмола облысында ауыл тұрғыны автокөлікті ұрлағаны үшін ұсталды
6 ақпанда Егіндікөл ауданының полиция бөліміне автокөліктің ұрлануы туралы өтінішпен жергілікті тұрғын жүгінді. Иесінің айтуынша, белгісіз адамдар оның ауласында тұрған «ВАЗ-21099» маркалы жеңіл автокөлігін ұрлап кеткен. Ұрлау кезінде кілттер тұтандырғышта болғаны белгілі болды.
Дереу полицейлер жедел – іздестіру іс-шараларын жүргізуге кірісті: ұрлық туралы ақпарат және автокөлік белгілерімен бағдарлау патрульдік полицияның барлық нарядтарына берілді.
Ұрланған көлік келесі күні таңертең табылды. Ұрлыққа өтініш берушінің ауылдасының, оның жұбайының танысының қатысы бары алдын-ала анықталды. 22 жастағы ақмолалық кілттер салон ішінде қалғанын біліп, көрші елді мекенге өз істері бойынша бөтен көлікке мініп кетіп отырған.Ұрлық фактісі ҚР ҚК 200-бабы (ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Автокөлік заңды иелеріне қайтарылды.
Қаскөй бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды, ал өткен жылдың соңында ол дәл осындай тәсілмен басқа біреудің көлігіне мініп кеткен, алайда іс татуласумен аяқталған.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.
Фото: zr.ru