spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері дүкенді тонап кеткен елорда тұрғынын ұстады

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы жылдың 6 ақпанында Ерейментау ауданының полиция бөліміне Ерейментау қаласындағы дүкендердің бірінің 51 жастағы иесі 6 ақпанда сағат 22:00 шамасында белгісіз адам дүкен кассасынан 85 мың теңге сомасында ақшалай қаражатты ұрлап әкеткені туралы өтінішпен жүгінді. Сатушының айтуынша, жас жігіт печенье сұраған. Әйел тауарды алу үшін ақша сақталатын кассадан алыстаған сәтті пайдаланған қаскүнем еңкейіп, ақшаны кассадан алып, дүкеннен жүгіріп шыққан. Есеңгіреген сатушы қылмыскерді соңына түсіп қуғанымен ол қашып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дүкеннің және оған жақын орналасқан ғимараттардың бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, Ерейментау қаласының криминалдық полиция қызметкерлері бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған елорданың 22 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі «тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер -70 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді. Қалған соманы қаскөй жұмсап үлгерген.

 

Фото: otyrar.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img