spot_img
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
-12.7 C
Kokshetau

Абзал Құспан: Арандатушылық әрекет әлі жалғасуда, бұл алаңдатарлық жайт

Сондай-ақ...оқыңыз

Адам құқығын қорғаумен айналысатын ұйым арандатушылықпен айналысқан. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің қолымызда жолдасы қаза болған, үш баласымен әрең жан бағып отырған әйел адамды тырнақшаның ішіндегі құқық қорғау ұйымы өз мақсатына пайдаланғаны туралы нақты мәлімет бар. Ол әйелді Алматы, Астана қалаларында митингке шығуға үгіттеп, көндірген. Кейін белгілі болғандай, сол «адам құқығын қорғаумен айналысатын ұйым» ол әйелге Алматыдан Астанаға және кері бағытта әуе билетін алып, 4 жұлдызды қонақ үйге орналастырып, ал үйде қалған сәбилеріне бала күтуші жалдаған. Оның алаңсыз митингілерге қатысуына жағдай жасаған. Яғни, арандатушылық бағыттағы іс-әрекеттер тек қаңтар оқиғасы кезінде ғана көрініс тапқан жоқ. Ол мемлекеттік құқық қорғау органдар тарапынан да, адам құқығын қорғаумен айналысатын жекелеген қоғамдық институттар тарапынан да күні бүгінге дейін жалғасын табуда. Біздің ойымызша, бұл алаңдатарлық жағдай»,- деді адвокат.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау: 2026 жылға арналған қаланы дамыту басымдықтары

2026 жылы Көкшетау қаласында қалалық ортаны кешенді дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика