spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 3, 2026
12.5 C
Kokshetau
Сондай-ақ...оқыңыз

Екібастұздық 400-ден астам оқушы қысқы демалысын Ақмола облысындағы Ақкөл, Бурабай және Зеренді ауданындағы спорттық сауықтыру кешендерінде өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, экібастұздық оқушылар мен олардың жетекшілері Зерендідегі «Парус», «Сұңқар» демалыс орындарына, сондай-ақ, Бурабайдағы «Звездный» лагеріне орналастырылды.

«Мұндай шара «Аманат» партиясының бастамасымен Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасылардың балаларын сауықтыру орындарында демалуға жіберу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жалпы республика бойынша 1000-нан астам мектеп оқушысына шипажайлар мен спорттық-сауықтыру кешендеріне баруына жағдай жасалады», – деді «Аманат» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы Динара Дүйсенова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалардың қызықты демалысын өткізу үшін барлық жағдай қарастырылған. Яғни, 10 қаңтарға дейін шаңғы, конькимен сырғанау, орман саяхаттары сияқты түрлі бағыттағы іс-шаралар жоспарланған.

Жалпы, «Аманат» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан игілікті істе екібастұздық балалар Ақмола облысының Бурабай, Зеренді демалыс орындарымен қоса, Алматы, Абай облыстары мен Түркістан қаласында демалу қарастырылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Бизнеске 100 игі іс»: Ақмола облысында әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылуда

Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокуратура органдарының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика