spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қазақстанда кедендік операцияларды мониторингтен өткізу жүйесі өзгереді

Сондай-ақ...оқыңыз
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін жақсарту үшін бас диспетчерлік басқарма пайда болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 

Оның айтуынша, қазір жұмыс істеп тұрған орталық пен электронды декларациялау орталығы бас диспетчерлік басқармаға біріктіріледі.

«Онда инспекциялық-тексеру кешендерінің рентген суреттерін бірден талдай алатын жасанды интеллект қолданыла отырып, кедендік операцияларға біріктірілген мониторинг жүзеге асырылады», – деді Қаржы министрлігінің басшысы Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Жамаубаев көптеген кеден бекетінің ескіргенін және қазіргі заманауи стандарттарға сәйкес келмейтінін айтты.

«Осыған байланысты тоғыз автомобиль және бір теміржол өткізу пунктін жаңғырту, техникалық жарақтандыру және мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасын құру басталды. Қазір заманауи екі өткізу пункті бар. Қытаймен шекарадағы «Нұр жолы» – бірінші өткізу пункті. «Б.Қонысбаев» екінші өткізу пункті Өзбекстанмен шекарада орналасқан.

Өткізу пункттерін кесіп өту кезінде электронды кезек жүйесін енгізу арқылы бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. Тасымалдаушылар шекарадан өту уақытын алдын ала белгілеп, уәделі уақытта келеді. Бұл жүк ағынын арттыруға және  тар жолдың әсерін жоюға мүмкіндік береді», – деді Ерұлан Жамаубаев.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img