spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада ауыл шаруашылығы министрі мен облыс әкімі көктемгі егіс жұмыстарымен танысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен облыс әкімі Ермек Маржықпаев көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдімәліков министрге өңірдегі ауыл шаруашылығындағы қазіргі жағдайды баяндап берді.

Биыл Ақмола облысы 4,9 миллион гектар алқапқа жаздық егіс екпек. Оның ішінде 404 миллион гектарға дәнді дақылдар егілсе, майлы дақылдар 254 мың гектарға, сондай-ақ 18,1 мың гектар алқап жем-шөп егуге жұмсалады. Облыс көкөніс өнімдері егілетін жердің де көлемін ұлғайтпақ ниетте. Биыл картоп алқабын 16,1 мың гектарға, басқа көкөністерді 3 мың гектарға жеткізу жоспарланды. Биыл өнімді минералды тыңайтқыштар мен суармалы жерлерді кеңейту есебінен молайту көзделген. Техника егіс науқанына толығымен сақадай сай. Осы жылы көктемгі егіс науқанына 14,3 мың трактор, 16,1 мың тұқым сепкіш пен 1,2 мыңбірлік жоғары өнімді тұқым себу кешендері жұмылдырылады, – деді облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдімәліков.

Егіс науқанына әзірлік қарқынды жүргізілуде. Өңірде бүгінге дейін 530 мың тонна тұқым себілген. Элиталық тұқымдар биыл 23,3 пайызға көбейтіліп, 365 мың гектарға салынбақ.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше облыста мал шаруашылығында да біршама ілгерілеушілік бар. Атап айтқанда ірі қара мал 3 пайызға өсіп 502,1 мыңға жетсе, қой-ешкі 1,5 пайызға көбейіп 640 мыңға, жылқы басы 6,4 пайызға ұлғайып 201,6 мыңға артқан. Етті-сүтті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде ағымдағы жылы 7,6 мың бас асылтұқымды ірі қара мал сатып алу арұқылы ет өндіретін фермалар құру бойынша 111 жоба жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар жалпы саны 2,4 мың бас малы бар 18 сүт өнімдерін шығаратын фермалар бой көтермек.

Облыс әкімінің орынбасары министрден осы жылы ұн өндірісі қарқынын төмендетіп алмау үшін қосымша қаражат бөлінуіне ықпал етуін сұрады.

Жалпы ауыл шаруашылығы министрінің өңірге жұмыс сапары барысында  Ақкөл ауданындағы «Еңбек», Бурабай ауданындағы «Әбдірахманов» және Журавлевка серіктестіктерін аралап, ауыл шаруашылығы мамандарының жұмыстарымен танысты.

????????????????????????????????????

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img