spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында медицина қызметкерлеріне жатақхана берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Ақмола облысының Егіндікөл ауылында медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстары аудандық аурхана қаражаты есебінен жүргізілген. Ғимараттың шатыры, терезесі, есіктері ауыстырылып, линолеум, кафель төселді. Сондай-ақ, жатын, ас және сантиралық бөлмелері жаңартылып, Егіндікөл ауданында шығарылған кереует, жиһаз стып алынды.

Жатақхананың ашылуы салтанатына аудан әкімі Ерлан Исабеков пен аудандық мәслихат хатшысы Бегендік Әбілов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Аудан әкімдігінің дерегіне сүйенсек, жас мамандарды ауданға тарту шаралары өз жемісін беруде. Биыл аудандық ауруханаға 3 дәрігер мен 3 орта медициналық қызметкер жұмысқа қабылданған. Бұл ауданда мемдициналық қызметкерлердің жағдайын жақсарту бағытында қолға алынып отырған алғашқы баспана.

«Мереке күніне орай, сыйлық жасау дәстүрге айналған. Аурхана мен ауыл тұрғындарының көмегінің арқасында медицина қызметкерлеріне жайлы жатақхана беріліп отыр. Расында да, бүгінгі күні маман тапшылығына баспананың жоқтығы үлкен әсер етеді. Біз бүгін жатақхана беру арқылы осы мәселені шешуде алғашқы қадам жасап отырмыз. Бұл ауруханымыздың материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстарының ойдағыдай жүзеге асырылып жатқандығын білдіреді. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра беретін боламыз. Жатақхана жас мамандарымызға ұнап, ауданымызда тұрақты жұмыс істейді деп үміттенеміз», – дейді хирург дәрігер Жұлдыз Әбуназарова.

Пайдалануға берілген жатақхананың жалпы аумағы 80 шары метрді құрайды. Егіндікөл ауылында барлығы 8 жатақхана бар. Онда дәрігерлерден бөлек, студенттер және жергілікті жұмысшылар тұрады.

Атай кетейік, Ақмола облысында биылғы жылы мемлекеттік қолдаудың шеңберінде медицина саласында 33 жас маман 1 миллион теңге көлемінде жәрдемақы алады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандар 100 айлық есептік көрсеткіш бойынша 252 мың теңге алады Сонымен қатар, медицина мамандарының баспана мәселесі де оң шешілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img