spot_img
Жексенбі, Қазан 6, 2024
13.2 C
Kokshetau

Қолма-қолсыз төлемдерді дамыту туралы

Сондай-ақ...оқыңыз

Соңғы жылдардағы статистика қолма-қолсыз төлемдердің үлесі артып келе жатқанын көрсетеді. Қазір кез келген адамда кемінде бір банк картасы бар. Ал, көбісі мобильді қосымшалармен және смартфон көмегімен төлем жүргізгенді құп көреді. Бұл – қаржылық қызметті тұтынушылардың көңілінен шыққан қолма-қолсыз төлемдер жүйесіндегі бірқатар артықшылықтың әсері.

Қолма-қолсыз төлемдер жүйесі төлем карточкалары мен мобильді қосымшаларды ұстаушыларға уақытын үнемдеуге, кезекте тұрмауға, сондай-ақ бонус немесе жұмсалған сомасының бір бөлігін кешбэк түрінде қайтарып алу есебінен қосымша кіріс алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар төлем карточкасы қолма-қол ақшаны алып жүру қажеттілігі мен ақшаны жоғалтып алу тәуекелдерін жоққа шығарды.

Бүгінгі таңда төлем карточкалары арқылы қолма-қолсыз төлемдердің жартысынан көбі интернетте жасалатынын атап өткен жөн. Коммуналдық қызметтерді, міндетті төлемдерді төлеу немесе ұялы телефонның балансын толтыру сияқты онлайн-транзакциялар көп уақытты үнемдейді.

Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында екінші деңгейлі банктердің 12 филиалы жұмыс істеп тұр. Банктердің барлық филиалы банк пен сауда кәсіпорны арасында жасалған тиісті шартқа сәйкес POS-терминалдарды орната алады.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, облыс деңгейінде айналымда жүрген төлем карточкаларының саны республикалық көлемнің 3,1%-ын құрап, 2 404,4 мың бірлік болды.

2024 жылғы қаңтар-маусым аралығында облыста төлем карточкаларымен 1 109 340,75 млн. теңгеге транзакциялар жасалды (2023 жылғы қаңтар-маусым аралығымен салыстырғанда 11,4%-ға көп). Транзакциялар саны 107 202,54-ге жетіп, 37,8%-ға өсті.

Бұл ретте 2023 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, қолма-қолсыз төлемдер саны 40,7%-ға артып, 103 452,97 мың транзакцияны құрады. Сома 17,2%-ға немесе 834 327,99 млн. теңгеге дейін өсті.

Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 11,7%-ға дейін азайды. Жасалған транзакциялар саны – 3 749,57 мың. Сома 3,1%-ға азайып, мөлшері 275 012,76 млн. теңгені құрады.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 31 368 POS-терминал (01.07.2023ж. – 32 303), 440 банкомат (396), 28 372 кәсіпкер[1] (23 391); 35 855 сауда орындары (29 182).

Қолма-қолсыз төлемдер нарығының дамуында байқалып отырған үрдістер ақша ағынындағы ашықтықтың артқанына, қаржы нарығын дамытуға, банктер арасында бәсекелестіктің күшеюіне және қаржылық қызметтер сапасының өсуіне әкеле жатыр.

 

ҚР Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img