«Достар» мәдениет сарайында мектепке дейінгі мекемелер арасында әр түрлі ұлттағы бүлдіршін тәрбиеленушілердің «Балғын шақ» атты қалалық байқауы өтті.
Балалар мемлекеттік тілде өнер көрсетіп, қазақ тілін біліп қана қоймай, өздерінің зияткерлік, көркемдік қабілеттерін де көрсете білді.
Байқау шарты бойынша алдымен әр бала өзін мемлекеттік тілде өлең, би, ән орындаумен таныстырып, кейін ертегінің театрландырылған қойылымының сүйемелдеуімен, қазақ тілінде мазмұндады.
Қатысушылар арасында орыс ұлтының үш қыздары Полина, София және Дарья қатысып, көрермендерді мемлекеттік тілді жақсы білуімен қатар, хореографиялық, көркемдік қабілеттерімен көрермендердің зор қошеметіне ие болды.
Балалар байқауы өте қызықты әрі жоғары деңгейде өтті, бүлдіршіндердің киген костюмдеріне мықты көңіл бөлініп, сонымен қоса декорациялармен, кішкентай актерлердің сахнаға шығуының өзі керемет спектакльге айналды.
Залға жиналған көрермендер мен қолдаушылар ән айтқан, өлең оқыған, би билеп және үлкен ықыласпен шабыттана ойнаған қатысушыларға керемет қолдау білдіріп отырды.
Осы тектес бүлдіршіндер байқауы бұған дейін балаларды тілге қызығушылықтарын арттырып, олардың интеллектін, шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз елінің ұлттық тілі мен мәдениетіне баулитынын айқын көрсетті.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары «Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.