spot_img
Бейсенбі, Желтоқсан 5, 2024
-8.7 C
Kokshetau

Астанада Ақмола облысының жәрмеңкесі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ:

“Әр жәрмеңке өткізген сайын еріктілерді алып келіп отырайық! Қарттар, әйел адамдар келеді жәрмеңкеге. Солардың сатып алған азық-түліктерін көліктеріне апарып, салып берсе, ол да үлкендерге құрмет, әрі жастарға тәрбие!”
*
Бүгін (27 қазан 2024 жыл) Астанада өтіп жатқан Ақмола облысының жәрмеңкесіне бардым.
Көңіл сүйсінді! Ақмола жайған жәрмеңке сөрелері түрлі азық- түлік өнімдеріне сіресіп тұр. Елдің мол ырысы мен бай рыздығы осы болар бәлкім!
Ақмола жәрмеңкесінің саудасы қызып жатыр! Елордалық тұрғындардың сірестіре сатып алған тауарларын жас жігіттер мен қыздар жәрмеңке сыртындағы автокөліктерге апарып, салып беріп жатыр.
Жалпы осындай жәрмеңкеде халыққа еріктілер қызмет көрсететін жалғыз өңір- Ақмола облысы!
– Бұл облыс әкімі Марат Ахметжановтың пәрменімен болып отыр. Жәрмеңкеге келген қарттар мен әйел адамдардың өздері сатып алған дүниелерін әзер көтеріп бара жатқанын көріп жүрміз ғой. Ендігі арада Ақмол жәрмеңке өткізгенде мұндай болмасын. Еріктілерді ала келіп отырыңыздар, қарттарға солар көмектессін. Олардың алған дүниелерін еріктілер көліктеріне дейін апарып беріп, көмектесіп тұратын болсын,- деген болатын Марат Мұратұлы облысқа әкім болып келген бетте, – деді жәрмеңкенің басы-қасында жүрген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Кенжеш Әлімжанов.
Тағы да Марат Мұратұлының аңдағыштығы мен төңірегіндегі әр іске, адамдардың жағдайына зерделі көңілмен қарайтын мінезіне сүйсіндік!
Біз де жәрмеңкеге келгендерге жәрдем беріп жүрген еріктілермен кездестік, аз-мұз ой бөлістік. Жалындап түрған, аңқылдап тұрған қыз бен жігіттердің елдік көзқарастары мен үлкенге деген құрметтері ұнады. “Айналайындар, өркендерің өссін” деп батамызды бердік.
Ақмола жәрмеңкесінің аса зор жауапкершілікпен, зор талғаммен ұйымдастырылғандығы байқалып тұр.
Азық-түлік тауарлары қойылған сауда сөрелері аппақ, тап- таза. “Біз бұл сөрелерді тіпті минералды сумен жуып шықтық. Қанша айтқанмен далада тұрған сөрелер ғой.”,-деп Кенжеш Әлімжанов тазалыққа да айырықша мән берілгендігін алға тартты.
Астанадағы Ақмола жәрмеңкесінің ән сахнасынан Біржан салдың “Базарың құтты болсын, ардақты елім!” деген әні шалқып жатты.
Расында да, құтты болсын! Ырыздығың ортаймасын, туған ел!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қаланың ірі өнеркәсіп орындары бос жұмыс орындарын ұсынуда

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ Көкшетау қ, солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 7-жол, 6-үй «ENKI» ЖШС және «ENKI...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img