spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Инклюзивті білім: Көкшетауда І Аймақаралық ғылыми конференция өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда ерекше қажеттілігі бар жеткіншектердің білім алуына арналған 1-інші Аймақаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, конференцияға арнайы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері (арнайы мектеп-интернаттар, ПМПК, ППТК), инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша жалпы білім беретін тірек мектептер, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, облыстық, аудандық және қалалық білім басқармалары мен бөлімдерінің, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әдістемелік кабинеттерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Ақмола облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова шараны ұйымдастыру мақсатына тоқталды.

«Конференцияның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеткіншектерді кәсіптік бағдарлау мәселелерінде арнайы білім беру ұйымдары мен ТжКБ ұйымдарының бірлескен қызметін талқылау бойынша диалогтық алаң құру», – деп атап өтті Ботакөз Дүйсенова.

Бұдан бөлек, конференцияның пленарлық бөлімінде ҚР Білім және ғылым минитсрлігі ТжКБ департаментінің бас сарапшысы М.Жұмабекова, «Кәсіпқор» холдингі ТжКБ мазмұнын жаңарту департаментінің бас менеджері, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры С.Ысмағұлова, Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалының директоры Н.Стукаленко, әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы және өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты А.Шаяхметова, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректордың орынбасары, профессор Д.Лепешев, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Sinergi» ғылыми-білім беру қорының басшысы А.Нысанов, «БЛЭК» ЖШС атқарушы директоры Р.Никитенко, Көкшетау қаласының құрылыс-техникалық колледжінің түлегі «БЛЭК» ЖШС-нің ағаш кесушісі А.Филонов өз ойларын ортаға салды.

Пленарлық бөлімнен кейін қатысушылар топқа бөлініп, инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша жұмыс істейтін Көкшетау қалалық №1 және №4 облыстық арнайы мектепте, Көкшетау қалалық №1 құрылыс-техникалық колледжінде, Краснояр кентіндегі №3 агротехникалық колледжінде секцияларға қатысты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img