spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
1.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында жастарға арналған жобалардың нәтижелері жария етілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 6 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өңірде146 мың жас үшін биылғы жыл көптеген қызықты жобаларды, идеяларды іске асырумен және жаңа келешегі бар бағыттарды іске қосумен есте қалмақшы.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренованың айтуынша, өңірде ҚР Тұңғыш Президенті жариялаған Жастар жылы аясында «Ақмола жастары» бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарлама аясында жастарға арналып 160 пәтерлік екі тұрғын үй салу жоспарланған. Сонымен қатар, «7-20-25» бағдарламасы бойынша банктер жас отбасылардың 87 несиелік өтінімдерін мақұлдады.

«Жыл басынан бері 6 061 жас жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, «Enbek» бағдарламасы жақсы көмек, онымен 140 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 722 адам жастар практикасына жіберіледі», – дейді Алтынай Әміренова.

Өтіп жатқан жылдың қызықты бағыттарының бірі – «Жас кәсіпкер» жобасы. Бұл жоба бойынша 1 585 жас оқудан өтіп, одан әрі гранттар мен стипендиялар берілді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстарда техникалық мамандықтарға 4 635 жас білім алуда. Оның ішінде 34 адам несие алды.

Сондай-ақ өңірде «Бастау бизнес», «Дипломмен ауылға!» атты жобалар жастардың өздерін кәсіби салада және бизнесте табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған бағдарламалармен 1029 адам қамтылды.

Жоғары және орта оқу орындарында 150 студент білім грантымен оқып жатыр, 238 студент Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын алады.

Биылғы жылы «Жаспроект» жастар корпусын дамыту жобасы алғаш рет іске қосылды, оған 1 миллион теңге көлемінде гранттар қарастырылған. Жобаның мақсаты – жастардың осал топтарын қоғам өміріне тарту, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметті оқыту бағдарламасы арқылы өмірлік маңызды дағдыларды дамыту.

«Zhas project» бірегей жобасының арқасында ет және сүт өнімдерін өндіру бойынша жобалар іске асырылуда, наубайханалар мен кондитерлік, сондай-ақ білім беру, демалыс спорт орталықтары, шығармашылық үйірмелер мен фитнес клубтары ашылуда.

Айта кету керек, гранттық конкурсқа қатысу үшін облыс бойынша 423 өтінім келіп түскен. Үш кезеңді іріктеудің қорытындысы бойынша 121 жоба жалпы сомасы 116 млн теңгеның гранттына ие болды.

фото:leafly.ca

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда су тасқынының салдарынан көшелерін жағымсыз иіс бойлауда

Көктемгі су тасқынына дайындық туралы аудан-қала әкімдері мен олардың орынбасарларының беріп жатқан есептеріне жүгінсек, облыс қызыл суға 100 пайыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img