spot_img
Жексенбі, Мамыр 25, 2025
13.2 C
Kokshetau

Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбат» ЖШС-нің егістік алқаптарын аралап көрді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысына келгеннен кейiн Мемлекет басшысы егiстiк алқабын аралап, «Айбат» ЖШС-нiң егiн жинау науқанының барысымен танысты.

Қазақстан Президентiне облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерi мен агроөнеркәсiп кешенiнiң келешегi туралы мәлiмет берiлдi. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа дәндi және майлы дақылдардың жаңа сорттары көрсетiлдi.

Мемлекет басшысы механизаторлармен әңгiмелескенде ауыл шаруашылығы алқаптарын тиiмдi пайдаланудың маңыздылығын атап өтiп, мемлекет тарапынан агроөнеркәсiп кешенiн өркендетуге баса мән берiлiп отырғанын айтты.

– Мемлекетiмiз үшiн сiздердiң еңбектерiңiздiң мәнi зор. Үкiмет фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетедi, ауылдың өмiр сүру сапасын арттыру жөнiнде шаралар қабылдайтын болады, — дедi Президент.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев диқандарға ауа райының жақсы және өнiмнiң мол болуын тiледi.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика