spot_img
Сенбі, Шілде 5, 2025
16.2 C
Kokshetau

Елбасы елорда «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентi экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрi Е.Нысанбаевтың, Нұр-Сұлтан қаласының әкiмi А.Көлгiновтың және Ақмола облысының әкiмi Е.Маржықпаевтың ақпаратын тыңдады.

– Сiздiң тапсырмаңызға сәйкес 1997 жылдан бастап бiз «жасыл белдеу» құру жұмыстарын жүргiзiп келемiз. Бүгiнде оның ауданы 87 мың гектардан асады. Биыл отырғызу аумағы 4,6 мың гектарды құрады. 2022 жылға дейiн бiз жалпы жасыл желектiң аумағын 100 мың гектарға жеткiземiз», — дедi экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрi.

Сонымен қатар, Елбасына агротехникалық iс-шаралардың нәтижесiнде алынған мәлiметтердi жинау және талдау үдерiстерiн цифрландыру бойынша жоспарланған шаралар туралы ақпарат берiлдi.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентiне елорданы көгалдандырудың нәтижелерi және «жасыл белдеудi» Бурабай орман алқабымен қосу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Ұсынылған баяндамаларды назарға ала отырып, Нұрсұлтан Назарбаев елорда төңiрегiнде «жасыл белдеу» құру тәжiрибесiн елiмiздiң өзге өңiрлерiнде қолданудың маңыздылығын атап өттi.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика