spot_img
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
15.6 C
Kokshetau

Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбат» ЖШС-нің егістік алқаптарын аралап көрді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысына келгеннен кейiн Мемлекет басшысы егiстiк алқабын аралап, «Айбат» ЖШС-нiң егiн жинау науқанының барысымен танысты.

Қазақстан Президентiне облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерi мен агроөнеркәсiп кешенiнiң келешегi туралы мәлiмет берiлдi. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа дәндi және майлы дақылдардың жаңа сорттары көрсетiлдi.

Мемлекет басшысы механизаторлармен әңгiмелескенде ауыл шаруашылығы алқаптарын тиiмдi пайдаланудың маңыздылығын атап өтiп, мемлекет тарапынан агроөнеркәсiп кешенiн өркендетуге баса мән берiлiп отырғанын айтты.

– Мемлекетiмiз үшiн сiздердiң еңбектерiңiздiң мәнi зор. Үкiмет фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетедi, ауылдың өмiр сүру сапасын арттыру жөнiнде шаралар қабылдайтын болады, — дедi Президент.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев диқандарға ауа райының жақсы және өнiмнiң мол болуын тiледi.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Целиноград ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы: нақты нәтиже мен жаңа жоспарлар

Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы ауданның 2025 жылдың алғашқы бес айындағы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика