Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубы командасының оқу жаттығулары Түркияның Анталия қаласында өтіп жатыр. Биыл аталған жаттығу жиындары 12 ақпаннан наурыздың 16 дейін жалғаспақ, деп хабарлайды «Aqmola News».
«Оқжетпес» футбол командасының екінші оқу-жаттығу жиыны Анталья қаласында (Түркия ) 12 ақпан күні басталып наурыз айының 16 дейін жалғасады. Дайындық кезінде команда бірқатар спаринг матчтар өткізеді, – деді «Оқжетпес» футбол клубының баспасөз қызметінен.
Клуб басшылығы бақылау матчтар туралы толық ақпарат кейінірек жарияламақ.
Дайындық кезінде көкшетаулық команда бірқатар спаринг-матч өткізеді.
Естеріңізде болса, “Оқжетпес” футбол клубы бірінші оқу-жаттығу жиынын 27 қаңтардан бастап ақпан айының алғашқы онкүндігіне дейін Шымкент қаласындағы “Жас Ұлан” базасында өткізді.
Бірінші матчты 29 қаңтар күні “Қыран” футбол командасына қарсы өткізіп, қиналмай жеңді. Есеп – 3:1.
1 ақпан күні “Ордабасы” жастарымен кездесіп, матч тең аяқталды. Есеп 0:0.
Ал оқу-жаттығу жиындары аясындағы үшінші бақылау матчы “Академия Оңтүстікке” қарсы өтті. Көкшетаулықтар 2:1 есебімен қарсыластарын тізе бүктірген. “Оқжетпес” футбол клубының ойыншысы Абылайхан Махамбет мергендігімен көзге түссе, екінші голды қарсыластар өз қақпасына соғып алды.
7 ақпан күні “Оқжестпес” “Тұран” футбол командасының жастарынан жеңіліп қалды. Ойын есебі – 2:3.