spot_img
Бейсенбі, Сәуір 10, 2025
21.2 C
Kokshetau

«Smart Aqmola» базасында 112 бірыңғай Call-орталығы жұмысын бастайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Smart Aqmola» базасында шетелдік 911 арнайы желісі сияқты 112 бірыңғай Call-орталығы жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, бүгінгі таңда Ақмола облысы ТЖД Дағдарыс жағдайындағы басқармаға 14 диспетчерлік қызмет кіреді: полиция, жедел жәрдем және барлық коммуналдық қызметтер.

Енді «Smart Aqmola» базасында 112 қызметі жұмыс істейтін болды. «Барлық қоңыраулар осында түседі. Мұнда аудандар мен бағыттар бойынша бөлінеді. 101, 102, 103 болмайды, тек 112 болады, яғни шетелде 911 бірыңғай байланыс орталығы сияқты. Диспетчер барлық өтінімдерді өңдейді және коммутатор арқылы ақпаратты қажетті ауданға жібереді», – дейді Нұрлан Атығаев.

Департамент басшысы атап өткендей, ақмолалықтар көбіне өзге аудандардың диспетчерлік қызметіне хабарласып, мекен-жайын айтады.

Ал, өзге аудандардың құтқарушылары айтылған жерге жетіп, тапқанша көп күтіп қалады. Сол себепті, осындайда 112 бірыңғай Call-орталығының көмегі зор болмақшы.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Целиноград ауданында «Jas Tulga» атты жастармен кездесу өтті

Қоянды ауылынның мектеп-лицейінде «Jas Tulga» атты жастармен маңызды кездесу өткізілді. Аталмыш шара, жастарға кәсіби бағдар беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img