spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Жас депутаттар-кадрлық резерв мектебі

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазіргі уақытта, Қазақстан жастары қоғамның келешегін анықтаушы негізгі факторлардың бірі болып табылатын халықтың үлкен бір әлеуметтік тобына айналған. Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында жастарға зор үміт артуы кездейсоқ емес, өйткені оған стратегиялық әлеуметтік – экономикалық жобаларды іске асыруға тікелей қатыса отырып, «Қазақстан-2050» мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құрудың тарихи мүмкіндігі түсті.

Жастық шақ – өз орнын өзі белгілеу кезеңі. Энергия – адамды өмір сүруге мәжбүр ететін көрінбейтін күш, бұл жастықтың қозғалтқышы. Бұл бүгінде көптеген еңбек ұжымдарында, оның ішінде партиялық жүйеде тапшы нәрсе. Бүгінгі таңда кез-келген адам өзінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыра алады, сөздің жақсы мағынасында өзін көрсете алады, мансап құрып, қоғамға қажет бола алады. Мұның бәрі нақты адамға, оның қаншалықты көшбасшы екеніне, қаншалықты көпшіл және еңбекқор екеніне байланысты. Тек жас кезінде, егер сіз қаласаңыз, айналаңызда бір нәрсені өзгертуге болады.

2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін алдағы сайлаудың жағымды жағы «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізіміне жас буын өкілдері: Нұрпейісов Дархан Орынбайұлы, Жақсыбаева Аягөз Айтмұханқызы және Белуха Вячеслав Александрович кірді, ал бұл үшін алғышарт олардың белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымы, табысты жас маман мәртебесі. Жас үміткерлердің лайықты ауылда өмір сүруге деген ықыласы бар, онда жарық, су, бос уақыт, сапалы білім, мектепке дейінгі тәрбие, медициналық қамтамасыз ету және т. б. жайлы жағдайлар жасалған. Олар кім болса да ауылдың болашағын көргенін және бізде лайықты өмір сүру үшін барлығы бар – деп кез-келген адамның айтқанын қалайды. Олар бастамаларға толы және біздің кіші Отанымыздың игілігі үшін жұмыс істегісі келетін әрбір адаммен ынтымақтасуға дайын.

Сайлауалды компания шеңберінде жас кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына белсене араласып, ауылдық округ сайлаушыларымен кездесулер, «Есіктен есікке» акциялары мен канвассингтер өткізді. Өткізілген әңгімелесулер барысында сайлаушылар өздерінің проблемалары туралы айтып, тілектерін білдірді және болашақ депутаттарға аманатын тапсырды. Кандидаттар өз кезегінде сайлаушыларды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен және олардың ауылда өмір сүру жағдайларын дамытуға және жақсартуға бағытталған жеті басым бағытымен таныстырды. Оларды сайлау рәсіміне саналы түрде қарауға, парасатты әрекет етуге, партиялар мен кандидаттардың іс бойынша және болашақтағы қызметін бағалауға шақырды. «Nur Otan» партиясы қатарындағы тәжірибе мен жастықтың үйлесуі оң нәтиже беріп, біздің ортақ мақсатымызға қол жеткізуге көмектеседі деп сену ғана қалады. Жастық шақ пен  тәжірибе үшін дауыс беріңіз! «Nur Otan» үшін дауыс беріңіз!

 «Nur Otan» партиясының Сандыктау ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img