spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.8 C
Kokshetau

«Сайлау – 2021: аймақтық даму трендтері» атты дөңгелек үстел өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда алдағы сайлауға дайындық барысында «Сайлау – 2021: аймақтық даму трендтері» атты дөңгелек үстел өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Жиында  ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы, саясаттанушы Алуа Жолдыбалина «Сайлау туралы» заңға енгізілген өзгерістер жайында, сондай-ақ алдағы сайлаудың ерекшеліктері жөнінде өз ойымен бөлісті.

Оның айтуынша, биылғы сайлаудың үлкен ерекшеліктері бар. Оның бірі, Конституциялық мерзімде сайлаудың өтуі. Бұған барлық партиялардың дайындалуына мүмкіндік болды. Екіншісі, егер осыған дейін өткен сайлауларда мәслихат депутаттарын бір мандатты округтер бойынша сайласа, ендігі кезекте, ең алғашқы рет партиялық тізім бойынша өтеді, яғни облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттарының барлығы партиялық тізім бойынша сайланады.

Ал үшіншісі «Сайлау туралы» заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, енді партиялық сайлау тізіміндегі адамдардың 30 пайызы міндетті түрде әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастар болмақшы. «Бұл принцип партиялардың өзара бәсекелестігін, аймақтарда мәслихат жұмысының әрі қарай белсене түсіп, партиялардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Алуа Жолдыбалина.

Сонымен қатар, жиында Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Қазбек Майгелдинов еліміздегі сайлауалды шаралардың барлығы заң аясында өтіп жатқанын атап өтті.

«Қазіргі таңдағы сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары барысында жаңа технология тиімді қолдануда. Соның бірі, әлеуметтік желілер дер едік. Байқап отырғанымыздай, маңызды саяси додаға әлеуметтік желілер арқылы үн қосып жатқандар аз емес. Бүгінгі күн ел тұрғындарының саяси белсенділігі артып келеді. Жалпы бес партияға да бірдей мүмкіндіктер берілген. Яғни, бұл біздің еліміздің демократиялық бағытта келе жатқанын тағы бір айғақтай түседі», – деді Қазбек Майгелдинов.

Ал, Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Дина Әйкенова азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында кері байланыс орнатылып жатқанына тоқталды.

«Соңғы кездері азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында кері байланыс орнату трендіне тоқталғым келеді. Мұны біз мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерге көшуінен байқап отырмыз», – деп атап өтті Дина Әйкенова.

Алуа Жолдыбалина атап өткендей, елімізде 216 округтен ұсыну кезеңінің соңында: 56 округте 3 партиялық тізім, 137 округте – 4 тізім, 23 округте – барлық 5 саяси партиялардың тізімдері ұсынылған. Партиялық тізімдерге 8334 үміткер кіреді, оның ішінде 3721 – әйелдер мен 29 жасқа дейінгі азаматтар.

Дөңгелек үстел барысында Көшетау қаласындағы зиялы қауым және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жастар өкілдері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, алдағы сайлауды ұйымшылдықпен өткізуге шақырды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола жеңіл атлеттері «Куала-Лумпурдағы халықаралық жарыстарда жеңіске жетті

Көкшетау қаласының спорттық өміріндегі маңызды оқиға Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен есту қабілеттері бұзылған  спортшылар арасында X Азия — Тынық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img