spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
0.9 C
Kokshetau

Серік Нұрбек айтыстан республикалық кезеңнің қола жүлдегері атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық оқушы Серік Нұрбек  ІV онлайн айтыстың республикалық кезеңінің қола жүлдегері атанды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

«Шын хакім, сөздің асыл бағына жетпес» атты IV республикалық онлайн айтыс Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық кодты жаңғырту идеясын жүзеге асыру шеңберінде және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 14-15 желтоқсанда Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін оқытатын орта мектеп-интернатында ұйымдастырылды.

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 28 оқушы қатысты.

Ақмола облысынан қатысушы Серік Нұрбек, Зеренді ауданы, М.Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы III орын және 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.

Сондай-ақ, ынталандыру және дарындылықты одан әрі дамыту мақсатында Серік Нұрбек байқаудан тыс Абай атындағы дарынды балаларға арналған Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернатқа қабылдану үшін жолдама алды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика