spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Үкімет басшысы Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Қазақстан мен Ресей президенттері арасындағы уағдаластықты іске асыру аясында «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді.

Қазақстанда 2021 жылдың ақпанынан бастап ерікті түрде жаппай вакцинация басталады.

Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі.

«Қазақстанда өндірілген «Спутник V» екпесін жаппай егу 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы ауруы бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады», – деді Премьер-министр.

Еске салайық, 19 желтоқсанда отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды. Оның шеңберінде 3 мың ерікті азаматқа екпе егілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img