Талдықорғандағы «Рухани жаңғыру» ғимаратында Қазақстанның Халық партиясынан кандидаттардың аймақ сайлаушыларымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.
Спикерлер ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, ҚХП атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ерлан Смайлов, ҚХП Алматы филиалының бірінші хатшысы Сәуле Бигарова сөз сөйледі.
Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
Кездесуге түрлі әлеуметтік топтардың, кәсіптердің және жас санатының өкілдері қатысты. Ашық диалогта сайлаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.