spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Біз «Nur Otan» партиясымен жарқын болашақты таңдаймыз!

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақсы ауданында  «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қызу жүргізілуде! Бұл жолы аудандық депутат мәслихаттығына үміткер кандидаттар, ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі «Золотая нива» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.

Бұл ЖШС ауданда алғашқылардың бірі болып кластерлік өндірісті енгізді (бидай өсіреді, ұн өндіреді, ұннан нан пісіріп сатады). ЖШС – де өнімділігі тәулігіне 20 тонна түрік өндірісінің диірмені және тәулігіне 700 бөлке нан шығаратын наубайхана жұмыс істейді. Қаптамаларда печенье шығаратын кондитерлік цех ашу жоспарлануда.
«Золотая нива» ЖШС мал шаруашылығы саласын да дамытуда:
қой шаруашылығы,
ірі қара мал өсіріліп, ет өнімдерінің өндірісі жолға қойылды:түшпара, манты, тефтели және т.б. Барлық өндірілетін өнім жергілікті халыққа сатылады.
«Золотая нива» ЖШС директоры Әубәкіров Бағдат Төлегенұлы халықтың мұқтажы үшін Жаңа Қима ауылдық округінде 250 орындық «Динара» мейрамханасын салды.
Жыл сайын ол
Жаңа Қима ауылдық округінің мектептерімен ыстық тамақ ұйымдастыру туралы меморандумдар жасайды. Сондай-ақ, Жаңа Қима мешітінің жергілікті дін қызметкерлеріне қатты отын сатып алуға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетеді. Кандидаттар осындай мақсаты анық, еліне жақсылық жасаудан шаршамайтын «Золотая нива» ұжымына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы айқындалған міндеттер мен мақсаттарды түсіндіре отырып, осы күнге дейін жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Депутаттыққа кандидаттар жеке кәсіпкер Шакаева Н.Н. мен «Турлыбеков» шаруа қожалығының басшысы А. Тұрлыбеков мемлекет тарапынан кәсіпкерлік бағытқа ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтып өтті. Кандидат Қ.Қ.Құсайынов ауыл халқын «Салауатты өмір салтын ұстануға» яғни, спортқа көңіл бөлуге шақырды. Мықты, дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

Депутаттыққа кандидат «Еркіндік Агро» ЖШС басшысы М.Ж.Мейрамов: партияның жаңа бағдарламасы мен қазақстандықтарды әлеуметтік қолдауды күшейту жөніндегі шараларға қатысты өз пікірін білдіре отырып, «басты мақсатым – ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту, ауылды көркейтіп, гүлдендіруге үлесімді қосу, жастарды ауылға жұмысқа тартып, өз елінің патриоты болуға шақыру» -деді. Сонымен қатар, кандидаттар тұрғындардың қойған сауалдарына жауап беріп, ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.
Кандидаттар сөз соңында 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда
«Nur Otan» партиясы – еліміздің әлеуметтік әл – ауқатының кепілі» болатынына сендіре отырып, дауыс беруге шақырды! Біз
«Nur Otan» партиясымен жарқын болашақты таңдаймыз!

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Жақсы ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img