spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 19, 2026
17.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 10 келіге жуық марихуана тәркіленді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Целиноград ауданы ауылдарының бірінің тұрғынының заңсыз есірткі заттарын сақтау әрекетінің жолын кесті.

Ауыл тұрғынына тиесілі шаруашылық құрылыстарын тексеру барысында полиция қызметкерлері қарасора өсіруге арналған жабдықтар мен алынған өнімді анықтады. Атап айтқанда, қаптарға салынған 10 келіге жуық марихуана тәркіленді.

Анықталғандай, күдікті бұған дейін, 2010 жылы есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, Ақмола облысының аумағында 1 маусымнан бастап «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара басталғалы бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 320 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.

Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, есірткінің заңсыз айналымының жолын кесуге және «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған. Заң бұзған әрбір азаматтың жауапкершіліктен жалтармауы – құқықтық тәртіп пен қауіпсіз қоғамды қалыптастырудың маңызды шарты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қайтарылған активтер: Президент тапсырмасымен өңірлердегі 500 инфрақұрылымдық жобаға 610 млрд-тан астам теңге бағытталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруда. Қайтарылған қаражат халықтың аса...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика