spot_img
Жұма, Мамыр 15, 2026
22.2 C
Kokshetau

Ақмола облысы үш өңірдің мемлекеттік аудиторларын ауқымды спартакиадада біріктірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудағы «Көкше-Арена» базасында мемлекеттік аудиторлар арасындағы республикалық спартакиаданың солтүстік аймақтық кезеңі басталды. Қаланың спорт алаңдары Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының құрама командаларын біріктірді. Ауқымды турнир екі мерейтойға – мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының 30 жылдығына және тексеру комиссияларының құрылғанына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылды.  Іс-шараның салтанатты ашылуына Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов қатысты. Ол мамандарды құттықтап, мамандықтың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. «Көкше-Аренадағы» мерекелік атмосфераны концерттік бағдарлама толықтырды. Одан кейін командалар бірден жарыстарға кірісті. Қатысушылар үшін бұл турнир тек спорттық сайыс қана емес, тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға да айналды.

– Бұл мүмкіндік бізге көршілес өңірлердегі әріптестермен жақынырақ танысуға, жұмыс барысын бейресми жағдайда талқылауға және спорт арқылы жақындасуға жол ашады. Жарысқа шамамен бір жарым ай дайындалдық, команданың мақсаты – тек жеңіс, – деді спартакиада қатысушысы Мұрат Рахымжанов.

– Үш онжылдық ішінде мемлекеттік аудит институты бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың сенімді кепіліне айналды. Жұмыстарыңыздың жауапкершілігіне қарамастан, спортқа уақыт табатындарыңыз қуантады. Бұл – командалық рухты нығайтудың ең тиімді жолы, – деп атап өтті Елдос Рамазанов. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мемлекеттік қызметшілер арасында мұндай деңгейдегі жарысты өткізу ерекше үйлестіруді талап етеді.

– Осындай форматтағы шара облысымызда алғаш рет өткізіліп отыр. Қатысушыларға сәтті ойын және ең бастысы – жарақатсыз өнер көрсетуді тілеймін. Әділ бәсекеде мықты жеңіске жетсін, – деді бұқаралық ұлттық спорт түрлерін дамыту инфрақұрылымы бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан Тасыбаев.

Аймақтық кезеңнің жеңімпаздары республикалық спартакиаданың финалында Солтүстік өңірдің намысын қорғайды. Дереккөз: kaz.inform.kz

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика