«Smart Aqmola» ақпараттық-аналитикалық жүйесі (ААЖ) «AI Governance Cup» атты алғашқы ұлттық жасанды интеллект жобалары байқауында «AI Өңір» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Марапаттау рәсімі елордадағы alem.ai орталығының алаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Бұл оқиға елдегі цифрлық трансформацияның стратегиялық маңызын айқындайды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Цифрлық даму министрлігінің бастамасымен бастау алған байқауға республика бойынша 184 өтінім түсті. Жобаларға сараптамалық бағаны әлемдік деңгейдегі жетекші мамандар берді, олардың қатарында Sinovation Ventures қорының негізін қалаушы Кай-Фу Ли және Стэнфорд университетінің профессоры Питер Норвиг бар.
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының жетекшілігімен жүзеге асырылған жоба өңірді интеллектуалды басқарудың ең тиімді тәжірибесі ретінде танылды. «Smart Aqmola» жүйесі негізгі даму көрсеткіштеріне кешенді мониторинг жүргізіп, тәуекелдерді нақты уақыт режимінде анықтауға және Big Data негізінде жедел басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Жобаның практикалық құндылығы қазірдің өзінде дәлелденді:
ауыл шаруашылығы саласында жүйе егіс алқаптарының жай-күйін бақылауға, проблемалық аймақтарды анықтауға және алдын ала шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде саланың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, жүйе басқарудың ашықтығын қамтамасыз етеді – барлық негізгі деректер бірыңғай цифрлық кеңістікте жинақталып, талдауға қолжетімді.
Мобильді шешімдердің арқасында мамандар талдау құралдарымен тікелей жұмыс орындарында пайдалана алады, бұл шешім қабылдау үдерісін жеделдетеді.
«AI Өңір» номинациясындағы жеңіс Ақмола облысының Қазақстандағы цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растайды. «Smart Aqmola» табысты тәжірибесі елдің басқа өңірлерінде де енгізуге ұсынылып, жоғары технологиялар азаматтар игілігіне қызмет ететін тұрақты экожүйе қалыптастыру құралы ретінде бағалуда.



