spot_img
Сенбі, Тамыз 22, 2026
14.9 C
Kokshetau

Көкшетауда конституциялық реформа мен Ұлттық Құрылтай бастамалары талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Конституциялық реформа 2026: Ұлттық Құрылтай бастамалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара академиялық қауымдастық, қоғамдық ұйымдар, саяси құрылымдар өкілдері мен студент жастарды бір алаңға жинады.

Жиын Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ жоспары аясында ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұнын талқылау, Ұлттық Құрылтай аясында көтерілген бастамалардың маңызын түсіндіру және жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу белсенділігін арттыру болды.

Дөңгелек үстел жұмысына жоғары оқу орындарының басшылары мен оқытушылары, «AMANAT» партиясының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, заң саласының сарапшылары қатысты. Университет студенттері баяндама жасап, реформаларды іске асырудағы жастардың белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығына тоқталды.

Талқылау барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, азаматтық қоғамды дамыту және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ Ұлттық Құрылтай бастамаларының қоғамдық диалогты дамытудағы және қоғам бірлігін нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар пікір алмасып, ел дамуының өзекті мәселелерін талқылады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылтай – қоғам мен билік арасындағы ашық диалогтың жаңа алаңы

Ақылбек Данабек Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Менің ойымша, Құрылтайдың құрылуы - қазіргі саяси жүйенің дамуындағы маңызды кезең. Бүгінде қоғам белсенді бола...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика