spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
24.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында жолдар сапасы мен болашағы – басты назарда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының жолдары – кең дала төсінде созылған, қауіпсіздік пен сапаны айқын көрсететін заманауи тас жолдар желісі. Соңғы жылдары облыста жол-құрылыс саласы үлкен өзгерістерден өтті. Қазіргі таңда бұл сала тек көліктік инфрақұрылымның емес, экономикалық дамудың да маңызды құрамдасына айналды. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облыстық Ұлттық жол активтерінің сапасы орталығы филиалының директоры Талғат Қайратхан мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, тірек желілері жаңарып, жолдардың сапасы мен олардың әрі қарай дамуы айқын көрініс тапқан. Ең бастысы – жүргізілетін жұмыстар сапалы және қауіпсіз болуы керек.
«Біз үшін ең маңыздысы – автожолдардың сапасы. Жол тек тас жол емес, ол – адамдардың қауіпсіздігі мен өмірінің кепілі», – дейді Талғат Қайратхан.

Ақмола облыстық филиалы автожолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау кезінде материалдардың сапасын қатаң бақылайды. Мамандар әр учаскеден үлгілер алып, арнайы зертханада сынақтан өткізеді. Асфальттың беріктігі, материалдардың талаптарға сәйкестігі сияқты параметрлер мұқият тексеріледі. Сонымен қатар, филиал жолдарды диагностикалау, тексеру және жаңа технологияларды енгізу бойынша да жұмыс істейді.

Дегенмен, жол-құрылыс саласындағы басты мәселе – кадр тапшылығы. Бүгінде жол шеберлері, құрылыс инженерлері, сметалық инженерлер, асфальт-бетоншылар мен арнайы техника машинистері сынды білікті мамандарға сұраныс жоғары. Бұл проблеманы шешу мақсатында филиал «2000 мектеп» акциясын бастады. Мектептер мен оқу орындарында кәсіби бағдар жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға жол құрылысшыларының кәсібі, артықшылықтары мен еңбек жағдайлары таныстырылады. Өткен жылы өңірдегі 120 мектеппен жұмыс жасалды, ал биыл Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжімен стратегиялық ынтымақтастыққа қол қойылды. Колледжге «Виртуалды жол құрылысшысы тренажері» VR-жабдықтары мен бағдарламалық қамтамасыз ету берілді.

«Біз тек жол саламыз деп ойламаймыз, мамандар дайындап, қоғаммен де тығыз жұмыс істейміз. Бірлескен мониторингтер, тексерістер және қоғамдық бірлестіктермен байланыс – жұмыстың маңызды бөлігі», – дейді Талғат Қайратхан.

Ақмола облысында жүргізіліп жатқан барлық жұмыстардың нәтижесі айқын көрініп отыр. Жолдардың сапасы қамтамасыз етілуде, қауіпсіздік басты назарда және болашақтағы жобалар да сапалы әрі ұзақ мерзімді болуға бағытталған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика